Елорда тынысы

Жастар жолдауды жақтайды

Астана халықаралық университетінде елордалық мәслихат депутаты Ләззат Разбекова-Төлеуханова студент жастармен кездесу өткізіп, Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауын талқылады.

Мәслихат депутаты алдымен өзінің жас кезіндегі еңбек жолынан, қоғамдық жұмыстармен қалай айналысқаны жөнінде әсерлі әңгімелеп берді. Содан кейін қазіргі кезеңдегі мемлекет тарапынан жастарға жасалып жатқан қолдаулар жайында жан-жақты айтты.

«Мен үшін бүгінгі жастардың не ойлайтыны маңызды. Өйткені елдің келешегін құратын сіздер боласыздар. Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан жастардың идеяларын қолдау бойынша ауқымды шаралар атқарылуда. Мәселен, Президенттің Жолдауында бизнес жүргіземін деген жастарға 2,5 пайызбен несие беру, гранттар бөлу, жеңілдікпен баспана беру және басқа да жағдайлар қарастырылып отыр. Бұл – жастар үшін үлкен мүмкіндіктер. Мемлекеттің жасап отырған осы мүмкіндіктерін жастар барынша пайдаланғаны жөн. Ол үшін, әрине, білім, біліктілік, жақсы өмірге деген құлшыныс керек» деді мәслхат депутаты.

Кездесу барысында сөйлеген жастар Жолдауда айқындалған бағыт-бағдарларды жақтайтын, елімізде жүргізіліп жатқан саяси-әлеуметтік реформаларды қолдайтынын білдірді.

Студенттер депутатқа өздерін қызықтырған сұрақтар қойды. Өз кезегінде Ләззат Мұратқызы әрбір сұраққа толымды жауап берді.

 

 

 

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button