Ресми бет

Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі

Сұрапыл апатты құбылыс жылдар бойы жиналған мүлікті аяусыз жойып, адамдарға қайғы-қасірет әкелуде. Тұрғын үйлер мен пәтерлердегі өрт оқиғасы көбінесе сол үйде тұрып жатқан тұрғындардың кінәсінен болып жатады.

Статистика бойынша тұрғын үй мен пәтерлердегі өрттің шығуына негізгі себептер: тұрмыстық электр және газ аспаптарын дұрыс пайдаланбаудан, пештердің дұрыс орнатылмауы мен қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан, мас күйінде темекі тарту салдарынан, сонымен қатар, электр өткізгіштерін дұрыс жүргізбегендіктен болып жатады. Егер сіздің үйіңізде немесе пәтеріңізде электр өткізгіш сымдарына, электр аспаптарына зақым келсе, тез арада электр маманын шақырыңыз.

Есте сақтаңыз! Өртті болдырмау үшін сізге мынандай өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаған жөн:

– Электр және газ құралдарын қосулы күйде қалдырмаңыз, сондай-ақ, оған балаларды жақындатпаңыз;

– Уақытша және зақымдал­ған электр өткізгіш сымдарын пайдаланбаңыз;

– Электр есептегіштердегі электр сақтандырғыштар зауыттан дайындалған болуы тиіс;

– Үлкен көлемдегі электр құралдарын бір уақытта қосып, электр жүйесіне күш түсірмеңіз;

– Газдың кеміп қалуын тексеру үшін ашық отты қолданбаңыз;

– Сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;

– Бөлмені жылытуға бейберекет қолдан жасалған электр-жылытқыш құралдарын қолданбаңыз;

– Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз және оларды қараусыз қалдырмаңыз.

Өрт және жану оқиғасы болған жағдайда, тез арада телефон арқылы «101» немесе «112» нөміріне хабарласыңыз.

Біз үшін әр адамның өмірі маңызды. Сондықтан өз өміріңіз бен жақындарыңыздың өмірін аман алып қалу үшін ережелерді сақтаңыздар!

С.КАДЫРБЕКОВ,

Астана қаласы

Төтенше жағдайлар департаменті Алматы

ауданы ТЖБ инженері

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button