Қала мен Сала

Көліктегі өрттен сақтан!

* Бақылау-өлшеу аспаптарын үнемі бақылап отырыңыз.

* Егер құрылғылар кенеттен жұмысын тоқтатса немесе тұрақсыз жұмыс істесе, автокөлікті тоқтатыңыз, қозғалтқышты өшіріңіз. Қозғалтқыш бөлігін ашып, олардың тұрақсыз жұмысының себебін анықтауға тырысыңыз.

* Мүмкін болса, батареяның нөлдік терминалын ажыратыңыз.

* Қозғалтқыш бөлігін балқыған немесе тұйықталған сымдарда көрінуі мүмкін ақау­лықтарға қарап шығыңыз.

Егер өрт орын алса, онда шамадан тыс шу мен дүрбелеңсіз келесі әрекеттерді орындауға тырысыңыз:

* Өрт туралы «101», «112» телефондары арқылы өрт сөндіру қызметіне дереу хабарласыңыз;

* Жалынды өрт сөндіргіштің көмегімен өшіруге тырысыңыз (ол болмаған жағдайда – тығыз матамен, топырақпен, құммен және т. б.);

* Капот астындағы тұтануды сөндіру кезінде біртіндеп және абайлап оны таяқпен, монтажбен, бүйірден ашыңыз, себебі капот күрт ашылған кезде жалын шығуы мүмкін, өрт сөндіргішті неғұрлым қарқынды жану ошағына бағыттаңыз немесе жалынды брезентпен жабыңыз, құм, борпылдақ топырақ, қар себіңіз, су құйыңыз. Егер киіміңіз жанармай, май буына малынған болса, қолыңызды бензинге батырсаңыз, өрт сөндіруге кіріспеңіз – бұл қауіпті!

* Егер өзіңіз сөндіре алмасаңыз, онда автокөліктен кету қауіпсіз болады, өйткені өрт жарылыс қаупі туындауы мүмкін бензин құйылған багқа дейін жетуі мүмкін;

* Егер тұрақта жанса және өрттің таралуына қауіп төнсе, онда жақын тұрған автомобильдерді немесе өрт объекті­сінің өзін қауіпсіз қашықтыққа жылжытуға тырысыңыз.

Р.СЕРІКОВ,

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Алматы ауданы ТЖБ

аға инженері

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button