#Жаңа Қазақстан

Өмір сапасы біліммен бағаланады

Президент Қасым-­Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын үлкен қызығу­шылықпен тыңдадым. Осыған орай, бір шаңырақтың отағасы ретінде әрі шағын және орта бизнес саласындағы кәсіпкер ретінде жеке өзіме қатысты пікірімді қысқаша жеткізгім келеді.

Қай кезеңде де қоғамның өмір сүру сапасы, ең алдымен, ұлттың білімімен және денсаулығымен бағаланады. Елімізде 2020 жылдан бастап мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы 2-3 есе өсті, бұл осы мамандықтардың беделін едәуір арттырып, жастардың назарын педагогикалық және медициналық мамандықтарға аударды. Үлкен ұлымның медицинаға, гендік инженерияға бару туралы шешіміне осы салалардағы белсенді мемлекеттік саясат әсер еткеніне сенімдімін.

Экономиканы, оның ішінде шағын және орта бизнесті дамытуға келетін болсақ, бюджетке салықтық және басқа да міндетті төлемдердің жалпы санын азайтуға болады және азайту қажет деп ойлаймын. Бұл ретте Президент шағын кәсіпкерлік үшін салықтарды азайтып қана қоймай, кәсіпкер мен фискалдық органдар арасында қолайлы қарым-қатынас орнатуды ұсынып отыр. Мемлекет басшысы өз Жол­дауында «Салықтық бақылауды толық цифрландыру салықтық есептілік нысандарын 30%-ға қысқартады» деді. Бұл сөзінің де жаны бар. Шын мәнінде, жеке кәсіпкер үшін уақыт деген – ең құнды фактор.

«Банктерді корпоративтік несиелендіруге белсенді қатысуға ынталандыру, кәсіпкерлерге көмектесу» тармақтары да Президенттің республикадағы шағын және орта бизнесті дамытуға бей-жай қарамай, бұл саладағы қиындықтарды көріп, түсінетінін көрсетеді. Жақын арада бұл мәселе өз шешімін табады деп үміттенемін.

Реттелетін сатып алулардағы қазақстандықтардың үлесін арттыру отандық кәсіпкерлер үшін керемет ынталандыру екені белгілі. Президенттің IT-технологиялар, ауыл шаруа­шылығы, көлік, су ресурстары, құрылыс салаларының дамуына да ерекше көңіл бөліп отырғанын қуана құптаймын. АЭС бойынша айтарым, Қазақстан жаңартылатын энергетиканы орналастыру және дамыту бойынша үлкен әлеуетке ие. Сондықтан бұл жолғы Жолдауда ел үшін маңызды стратегиялық бастамалар айтылғанын атап өткім келеді. Бұл шаралар өмір сүру сапасын жақсартуға, білім беру мен денсаулық саласының дамуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Қазақстан мықты, инновациялық және орнықты ұлт болуға ұмтылып келеді. Біз осы Жолдау міндеттері орындалып, қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау, инфрақұрылымды дамыту, баспана мәселесін шешу сынды тегеурінді басымдықтар жүзеге асқан жағдайда елдің тұрмысы түзеліп, жағдайымыз­дың жақсаратынына сенеміз.

Маир РЗАЕВ,

«Хазар» әзербайжан этномәдени

бірлестігінің төрағасы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button