Елорда тынысы

104 кандидаттың жарнасы қайтарылады

Бірмандатты округтен сайлауға түскен 266 үміткер 5 пайыздан аз дауыс жинады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина мәлім етті.

«Бірмандатты округтер бойынша Мәжіліс сайлауына қатысқан 370 кандидаттың 104-іне сайлау жарнасы қайтарылады. Қалған 266 үміткер 5%-дан аз дауыс жинады. Сайлау жарнасы екі партияға да қайтарылады. Олар – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы мен Respublica партиясы. Ал «Байтақ» жасылдар партиясы межелі дауысты жинай алмады. Қалған партиялар Конституциялық заңның 88-бабына сәйкес, сайлау жарнасын енгізбеді. Өйткені олар бұрын Мәжіліс сайлауына қатысқан және 5 немесе одан да көп пайыз дауыс жинаған. Сондықтан олар сайлау жарнасын төлемейді» деді ОСК мүшесі.

Айта кетейік, бірмандатты округтер бойынша Мәжілістің мандатына үміткерлер 1 млн 50 мың теңге мөлшерінде сайлау жарнасын төлеуі тиіс.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button