Қала мен Сала

Құрылыс қалдықтарын қабылдайды

Елордалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы стихиялық қоқыс үйінділерінің пайда болу ауқымын азайту үшін құрылыс қалдықтарын қабылдау және қайта өңдеу бойынша санкцияланған алаңды іске қосты.

Алаңда бетон, кірпіш, асфальт, темірбетон және қатты құрылыс қалдықтарының өзге де түрлері қабылданады.

Экологиялық кодекс­тің 376-бабына сәйкес құрылыс қалдықтары тікелей құрылыс алаңында немесе арнайы жерде қалдықтардың басқа түрлерінен міндетті түрде бөлінуге жатады.

Құрылыс компанияларының бәрі экологиялық заңнама талаптарын бұзбау үшін алаңның сенімгерімен тікелей шарт жасай алады.

Өзге қоспалардан бөлінген таза құрылыс қалдықтарын қабылдау 1 тонна үшін 1300 теңге тариф бойынша жүргізіледі.

Қала тұрғындары (жеке тұлғалар) күнтізбелік жыл ішінде құрылыс қоқыстарын 250 келіге дейінгі алаңға тегін тапсыра алады.

Құрылыс қалдықтарын қабылдау және қайта өңдеу бойынша санкцияланған алаң Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Алаш тас­жолы (Астана-Павлодар тасжолы) мекенжайында, ҚТҚ қалалық полигонына қарама-қарсы орналасқан.

Байланыс телефондары: 8 708 425 65 68, 8 (7172) 25-65-68, info@astanard.kz.

Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button