Елорда тынысы
Астанада ауа райы қандай?

Синоптиктер 28-31 наурыз аралығында Астана қаласындағы ауа райы болжамын ұсынды.
Астанада 28 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстіктен 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -1 -3 аяз, күндіз +12 жылынады.
29 наурызда таңертең қаланы тұман басады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз +10+12 жылы болады.
30 наурызда күн ептеп суытады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -2-4 аяз болса, күндіз +2+4 жылы болады.