Елорда тынысы
Оқушылар олжасы – 50 медаль

Шымкент қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңінде астаналықтар 50 медаль олжалады.
Астана қаласынан жаратылыстану-математика бағыты бойынша (9-11 (12) сыныптар) 70 оқушы бақ сынады.
Елордалық жас зияткерлер 50 жүлделі орынға ие болып, білім деңгейлерінің жоғары екенін кезекті рет дәлелдеді. Атап айтқанда, Астана қаласының қоржынында 7 алтын, 18 күміс және 25 қола медаль бар.
Елордалық оқушылардың олимпиададағы жақсы көрсеткіштері жыл сайын көбейіп келеді. Биылғы жылы талантты оқушылардың олимпиадада қол жеткізген жүлделерінің көрсеткіші 72 пайызды құрады. Ал өткен 2021-2022 оқу жылында бұл көрсеткіш 50 пайыз болатын.