Елорда тынысы

Спортшыны жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады. Президент даңқты спортшыны таяуда Лас-Вегас қаласында өткен UFC турнирінде жеңіске жетуімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Рахмонов секілді мықты атлеттердің жеңіске деген ерік-жігері мен жетістігі өскелең ұрпақты жігерлендіретінін, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыратынын айтты. Сонымен қатар Президент спортшының алдағы уақытта биік белес­терді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Өз кезегінде Шавкат Рахмонов арнайы қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ ол жанкүйерлердің үмітін ақтап, еліміздің мерейін асқақтата беретінін жеткізді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button