Қала тіршілігі

15 тұрғын үй жөнделіп жатыр

Алматы ауданының әкімі Ерлан Бекмырзаев тұрғын үйлердің инженерлік жүйелері бойынша жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Қазір аудандағы 15 тұрғын үйде жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Әкім жөндеу жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтауды және аулаішілік аумақтарды жинау жұмысын күшейтуді тапсырды. Бұл мәселелер аудан басшысының жеке бақылауына алынды.
«Үйдің инженерлік жүйесі жалпы үйлік мүлік болып табылады және үй-жайдың меншік иелері оны күтіп-ұстау мен пайдалану бойынша жауапты болуы керек. Апаттық жағдайларды және жылыту маусымында ақауларды  болдырмау үшін осы жұмыс­тарды уақтылы жүргізу қажет» деді Е.Бекмырзаев.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button