SportТағзым

Күш атасына ескерткіш қойылды

Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан, күрес түрлері бойынша әлемді мойындатқан аңыз тұлға – Қажымұқан Мұңайтпасовқа елорда төрінен ескерткіш ашылды. Балуанның биылғы 150 жылдығына орай жасалған тас мүсін енді балуан есімі берілген «Жас батыр» спорт кешені аумағында орнатылды.

[smartslider3 slider=609]

Салтанатты іс-шараға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, грек-рим күресінен екі дүркін Олимпиада жүлдегері Дәулет Тұрлыханов, БАҚ өкілдері, қоғам және спорт қайраткерлері, балуанның ұрпақтары қатысты.
– Әрине, атамның мерейтойына орай өтетін мұндай маңызды іс-шараны ауқымды етіп ұйымдастыруға да болар еді. Алайда қазіргі пандемияға байланысты көп адамды бір жерге жинай алмадық. Дегенмен бүгінгі іс-шараның өзіне өте қуанып тұрмыз. Себебі бұл – Қажымұқан атамның бүкіл бойымен соғылған ерекше ескерткіш. Жиналған халықтың да жүзінен атақты балуанның есімі елордада ардақталып жатқанына деген риза көңілді байқадым. Ескерткіш қоладан соғылған, биіктігі – 5 метр 80 см. Ескерткіш авторы – Жалын Сембіғали, – дейді батырдың немересі Бақытжан Қажымұқанов.
Қажымұқан Мұңайтпасұлы 1871 жылы Ақмола уезіндегі Қараөткел ауылында дүниеге келген. Спорттағы жетістіктері оның кілемге әлемнің мықты деген балуандары – Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Поль Понс сынды спорт шеберлерімен белдесуімен тарихта қалған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button