Жаңалықтар

2,2 млн адам тегін егіледі

Қазақстандағы 2,2 млн-нан аса адам немесе республика халқының 11,5 пайызы індетке қарсы тегін егіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат ­Қожахмет Facebook-тегі парақшасында жазды.

Тегін екпе жасалатындардың қатарына ауру жұқтыру қаупі жоғары санаттағылар: созылмалы ауруы барлар, жүрек-қан тамырлары және қант диабетімен ауыратындар, созылмалы өкпе ауруына шалдыққандар, 65 жастан асқандар, сондай-ақ медицина қызметкерлері жатады.
«Денсаулық сақтау министрлігі тегін егілетіндерді 20 пайызға дейін жеткізу мүмкіндіктерін қарастыруда. Яғни балалар және созылмалы ауруымен диспансерлік тіркеуде тұрғандар, жабық мекемелердің қыз­меткерлері және өзге санаттағылар осыған қосылады» деп жазды Б.Қожахмет. Оның айтуынша, Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және Жаһандық егу мен иммунизация альянсымен бірлесіп, COVAX Facility бағдарламасына мүшелікке өтті. Бұл бағдарламаға қатысушы елдер халқының 20 пайызына дейін егу үшін екпе алуға хақылы.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button