#Жаңа Қазақстан

Әкім Ысқақ: Әрбір азаматтың дауысы маңызды

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Мемлекеттің саяси жүйесіндегі маңызды буыны – сайлау. Сайлау жүйесі шын мәнінде қоғамдық қатынастардың жиынтығы, маңызды шара. Осы қатынастар арқылы мемлекеттің сайлау органдары қалыптасады. Сайлауда әркімнің даусы ерекше маңызды. Кез келген адам өзінің бүгінгі күнгі нақты өмірі арқылы болашаққа ыкпал етеді. Болашақ кез келген адамның бүгінгі жасаған таңдауы арқылы айқындалады. Адамдардың дауыстары жинақталады, ал басым көпшіліктің дауысын иеленген кандидат елдің болашақтағы дамуын айқындайды. Сайлаудың маңыздылығы және сайлаудағы әрбір дауыстың маңыздылығы да, міне, осында. Демократиялық қоғамның кез келген саналы азаматы өзінің белсенді сайлау құқығын тек қана құқығы ретінде емес, міндетім деп қабылдауы қажет. Мен де бүгін Жаңа Қазақстан үшін, Әділетті Қазақстан үшін өз таңдауымды жасап, “Арман” ТК-де орналасқан Астананың Халықаралық мектебінде дауыс бердім..

Әкім Ысқақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тұңғыш қазақ тілінде жазылған заңның авторы, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button