#Жаңа Қазақстан

Әлеуметтік мәселе шешімін айтты

– Ел Президенті Қасым-­Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған ауқымды сұхбатынан қазақстандықтар елдегі саяси процестерге қатысты барлық сауалдарына толыққанды жауап таба алады. Мемлекет басшысының сұхбатын үлкен қызығушылықпен оқып шықтым. Бүгінгі тарихымыздың барысына әсер еткен Қаңтар оқиғасына қатысты жедел әрі нақты шешім қабылдауға тура келген қызықты жайттар қамтылған. Президент елімізде қордаланған әлеуметтік мәселелердің қалай шешілгені туралы баяндады. Мысалы, мектеп құрылысы, оның ішінде «жайлы мектеп» салу, медициналық нысандар салу, әлеуметтік ахуалы төмен топтағы азаматтарды кешенді қолдауға бағытталған Әлеуметтік кодексті енгізуге қатысты мәселелер жан-жақты түсіндірілген. Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтар үшін арнаулы әлеу­меттік төлемдер бекітілді. Денсаулығы мен өміріне төнетін қауіпті ескере отырып, табиғат қорғау қызметінің мамандарына қосымша төлем бекітілді. Медициналық қызметкерлер, мектеп, колледж, балабақша педагогтарының жалақысы артты. Ұлттық қордан балаларға төлем жасау туралы заң қабылданды. Негізгі экономикалық көрсеткіштерді, соның ішінде инфляция деңгейін ескере отырып, ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдіс­темесі қабылданды. Бұған қоса Мемлекет басшысы жаңа жылдан не күтетінін, Қазақстанда өтетін маңызды іс-шаралар жайлы баяндады. Көпшілік бұл сұхбаттан өзін толғандырған сұрақтарына жауап таба алатынына сенімдімін. Мен балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасағандарға қандай шаралар қолданылатыны және алдын алу жұмыстары қалай күшейтілетіні туралы білгім келген. Сұхбаттан осы сұрақтардың жауабын алдым.

Салтанат ДЖЕНАЛАЕВА, қалалық мәслихат депутаты, Amanat партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңестің төрағасы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button