ӘлеуметЖаңалықтар

ӘЛЕМ ТАЛАНТТАРДЫ ТАНЫСЫН!

ТАЛАНТ

Елімізде дарынды балалар өте көп. Бүгінде олар өнер мен спортта, ғылым мен техникада жетістікке жетуде. «Біз олардың есімін тек елге емес, әлемге танытқымыз келеді. Талабы мен таланты ұштасқан дарынды балаларды анықтауға барлық қазақстандықтарды шақырамыз» деп мәлімдейді «Болашақтың 50 есімі» акциясын ұйымдастырушылар.

Ол үшін «Таңғажайып Қазақстан» сайты қолға алған жобаға еліміздің талантты балалары туралы мәлімет жолдау керек. Оған әртүрлі салада жетістікке жеткен 16 жасқа дейінгі балалар қатыса алады.

Бірінші кезеңде ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін «Facebook» әлеуметтік желісіне немесе сайттың ресми парақшасына талантты бала туралы толық мәлімет пен фотосын жариялау керек.

Екінші кезеңде сұрыптап алынған өтінімдер «Таңғажайып Қазақстан» (uniguekazakhstan.info) сайтында жарияланады. Дауыс беру 1 қараша мен 10 желтоқсанға дейін жалғасады. Ең көп дауыс жинаған балалар «Болашақтың 50 есімі» акциясының жеңімпазы атанады.

Акция қорытындысы бойынша жеңімпаз 50 баланың қабілетін одан әрі жетілдіріп, талантын әлемге таныстыруға демеушілер атсалысатын болады.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button