Әлеумет

Әлеуметтік әлсіз топтарға жан-жақты қолдау бар

Зәуре ЖҮСІПОВА, № 59 мектеп- лицейінің директоры, қалалық мәслихат депутаты

– Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балалары мен жетім балалар мемлекет тарапынан қорғалады. Жалпы, қоғам да оларға немқұрайлы қарамайды. Мүмкіндігі барлар осындай отбасыларға барынша көмектесуге тырысады. Мәселен, мұндай санаттағы отбасыларға «Нұр Отан» партиясы мен елорда кәсіп­орындары және жекелеген кәсіпкерлер де қол ұшын береді.
Әрбір мектеп те әлеу­мет­тік жағынан аз қам­тылған отбасылардың ба­­ла­ларына және ата-анасынан айырылған ба­­лаларға міндетті түрде көмек көрсетеді. Біздің мектепте осындай санаттағы екі бала оқиды. Олар мектеп бюджеті есебінен тегін тамақпен толық қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар «мектепке барамыз» шарасы аясында кеңсе заттары мен мектеп және спорттық киім, аяқ киім сатып алынады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button