Әлеумет

Әлеуметтік жобаларға ғимарат беріледі

«Astana» ӘКК» АҚ коммуналдық мүлікті тиімді пайдалану бағдарламасын бекітті. Оған сәйкес әлеуметтік жобалар үшін тұрғын үйге жатпайтын жайлардың кемінде 60%-ын жалға беру жоспарланған.

«Astana» ӘКК» АҚ ақпараты бо­йынша, бүгінгі таңда әлеуметтік жобаларға жалға берілген аталмыш ғимараттардың жалпы ауданы 5 400 шаршы метрді құрайды. Оның ішінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтары да бар.
«Co-Make» қоғамдық қорына Есіл ауданында жалпы көлемі 496,8 ш.м. тұрғын үйге жатпайтын жай жалға берілді.
Мұнда мектепке дейінгі жастағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар (аутизм, есту қабілеті бұзылған, сөйлеу және қозғалысы қиын балалар) түзету-дамыту және әлеуметтік бейімдеу бойынша инклюзивті балабақша орналасқан.
Жобаның мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін тиімді түзету-дамыту ортасын құру, жалпы білім беру мен социумда оның инклюзиясы үшін ата-аналар мен кәсіпқойларды біріктіру. Топтағы ақпарат ата-аналар үшін өз баласының дұрыс жолды таңдауына, ал мамандар үшін баланы толыққанды ересек өмірге дайындау мақсатында сапалы кешенді тәсіл ұсынуға көмектеседі. «Мама Про» әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы әйелдерді қолдау және дамыту қоры» қоғамдық қорына халықтың әлеуметтік әлжуаз­ топтарына арналған коворкинг орталығы орналасқан Байқоңыр ауданындағы 182,3 шаршы метр болатын тұрғын үйге жатпайтын жай жалға берілді.
Аталмыш қордан көмек алу мақсатында жалғызбасты аналар мен ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналары жүгіне алады. Қор өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерге көмектесіп, оларды кәсіпкерлік қызметке, компьютерлік сауаттылық курстарына, бухгалтерлік есепке алуға, брендті ілгерілетуге, SMM жүргізуді үйретеді. Бұған қоса, жұмысқа орналасуға көмектеседі. Осылайша, баланы тәрбиелеуден қол үзбей кәсіби өсуге, дамуға болады.
«Аяулы ана» қоғамдық бірлестігіне Есіл ауданында жалпы алаңы 88,2 ш.м. құрайтын тұрғын үйге жатпайтын жайлар жалға берілді. Мұнда босануға дайындық орталығы орналасқан. «Аяулы ана»
болашақ аналар клубы – бұл оқытудың прогрессивті бағдарламалары мен мықты оқытушылар құрамы. Клубта жеке даму үшін семинарлардың әртүрлі нұсқаларын тауып, өзің үшін жаңа нәрсені ашуға болады. Болашақ аналар баланың толық күтіміне қатысты қажетті білім ала алады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button