Жаңалықтар

«Әліппе» де, оқушы да оралады

Биылғы жаңа оқу жылы мектеп оқушылары мен студенттер үшін дәстүрлі режимде басталады.
«1 қыркүйекте болатын Білім күніне арналған салтанатты іс-шаралар дәстүрлі форматта, мектеп аумағында 1-сынып оқушылары үшін ғана ұйымдастырылады. Оларға салтанатты түрде алғашқы оқулығы «Әліппе» табысталады» деп мәлім етті Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов.

Ал 2 мен 11-сынып оқушылары тікелей бекітілген ­сыныптарға барып, сонда тақырыптық сынып сағаттарына қатысады.

Жаңа оқу жылында мектеп формасы негізінен сақталады. Бірақ пандемия жағдайына байланысты мектепке классикалық үлгідегі ыңғайлы киіммен келуге де рұқсат беру бойынша шешім қабылданды.

Министр, бір оқушыдан вирус табылса, бүкіл сынып қашықтан оқуға жіберілетінін, сондай-ақ оқушының, студенттің ата-анасы немесе білім алушының өзі ауырып қалса, онда одан аурудың клиникалық белгілері мен симптомдары байқалмаса да білім ордасына кіргізілмейтінін де мәлім етті.

Еске салсақ, «Әліппе» оқулығы осыдан бірнеше жыл бұрын мектеп бағдарламасынан алынып, оның орнына «Сауат ашу» пәні енгізілген болатын. Енді, міне талай ұрпақтың сауатын ашқан қасиетті «Әліппе» қайтадан мектеп бағдарламасына оралатын болды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button