Әлеумет

Алло, «Астана ақшамы»!

Айман ТҰРАРҚЫЗЫ, қала тұрғыны:
– Қазақстанда сырттай оқу бөлімі түпкілікті жабылады деген ақпарат естідім. Бұл рас па? Бұған дейін сырттай оқып келген студенттер не істейді?

Бұл сауалға Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің жауабын ұсынамыз:
– 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстандағы жоғары оқу орындарында сырттай оқыту бөлімдері жабылады. Мұндай норма жоғары оқу орындарындағы академиялық және өзін-өзі басқаруды кеңейтуге қатысты заңға түзетулер енгізілді. Бұған дейін сырттай оқып келген студенттер оқуын толық аяқтайды. Біз білім алғысы келетін, бірақ күндізгі бөлімдерде оқуға мүмкіндігі жоқ қазақстандықтардың бар екенін де жақсы білеміз. Олар үшін алдағы уақытта қашықтықтан оқытудың жаңа жүйесін енгізуді жоспарлап отырмыз. Мұндай студенттер күндізгі бөлімде оқитын студенттермен қатар оқу бағдарламасының 100 пайыздық көлемін игереді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button