Басты ақпаратЖаңалықтар

Алматы облысының тауар өндірушілері Астана жәрмеңкесіне 324 тоннаға жуық өнім әкелді

Азық-түлік бағасы қымбаттаған тұста, жыл сайын еліміздің әр өңірінен келетін жәрмеңкенің тұрғындар үшін пайдасы ұшан-теңіз. Осындай жәрмеңкенің бірі – Алматы облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі.

пукпук2п6

Демалыс күндері Оқушылар сарайы алаңында өткен  шараға 324 тоннаға жуық өнім  жеткізілді, оның ішінде жеміс-көкөніс, құс еті, балық, сүт өнімдері бар.

Жәрмеңкеде азық-түліктің  мол түрі арзан бағада сатылды. Елордалық тұрғындар Іленің қымызына, Балқаштың балығына, Алакөлдің балына, Қараөткелдің күрішіне, Көксудың картобы мен пиязына, Қарасайдың қиярына, Талғардың алмасына қарық болды. Алматы облысының 15 ауданы мен 3 қаласы атсалысқан жәрмеңке өңірлік ауылшаруашылығын дамытуды, отандық өнімді қолдауды мақсат етеді. Облыс аграршылары жалпы сомасы 160094,0  млн теңгеге 323842,0 тонна өнім әкелді. Бұл – 7000 кг құс еті, 11800 кг балық, 2500 кг  сүт өнімдері (май, ірімшік, сүзбе), 49660 кг картоп, 13985 кг қырыққабат, 11650 кг қызанақ, 10670 кг қияр, 16500 кг сәбіз, 39618 кг пияз және басқа да жеміс түрлері.

«Алматы облысы жыл сайын елордалықтарды азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жәрмеңке өткізеді. Қанттың қымбаттауына байланысты 17 тонна құмшекер әкелдік, 20 тонна күрішіміз бар. «Жетісу» әлеуметттік корпорациясы әкелген қауын-қарбыздар түгел сатылып кетті»  дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өкілі Талғат Алыбаев.

Жәрмеңкеде отандық өнімдерге баға орташа есеппен базардағыдан 15 пайызға төмен болды. Атап айтқанда, судак-сазан балықтары 600-700 теңгеден, жұмыртқа – 215, қымыз – 450, шұбат – 550, бал –1000, алма – 250, қызанақ – 300, қияр – 200, қырыққабат – 80, картоп 120 теңгеден сатылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button