Жаңалықтар

«АЛЖИР»-ге АРНАЙЫ КЕЛДІ

Таяуда ата-аналары аяусыз азапталған «АЛЖИР» лагерінің орнын көруге Ресейден бірнеше азамат келді. Олардың жолбасшысы – Ресей үкіметі ұйымаралық саяси репрессия құрбандары құқығын қалпына келтіру жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары Марина Суслова. Көрші мемлекеттен келген делегация Астана қаласы әкімдігінде бір топ ардагерлермен кездесіп, өткен зар заманның кесапатын еске алды.

Ресейлік меймандар Елбасымыздың сарабдал саясатын оң бағалап, біздің тарихи мұраларға ерекше көңіл бөлетінімізді атады. Астана қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Қыдырбай Бейсенов жаңа астанамыз жөнінде әңгімеледі. «Көп ұлт бауыр басқан Қазақстан жаһанға бейбітсүйгіштігімен танымал. Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілері съезінің Астанада өтуі – сөзіміздің дәлелі. Осындай рухани кемелдіктің арқасында еңбегіміз жанып, аз уақытта жаңа астананы қалыптастырып үлгердік» деді ол.

Кездесуді ұйымдастыруға бастамашы болған Астана қалалық Ішкі саясат басқармасының бөлім бастығы Нұрбол Серікбеков қонақтарға сый-сияпат жасады. Олар «АЛЖИР» мемориалды мұражай кешенін аралап, Қарағандыға жол тартады.

Әмірхан АЛМАҒАНБЕТОВ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button