ЖаңалықтарҚоғам

«АНА ЖҮРЕГІ» АКЦИЯСЫ

erm_4082

Елорданың №6 қалалық емханасында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ана жүрегі» атты акция өтті. Бұл күні мүмкіндігі шектеулі балалардың аналары гинеколог, маммолог, невропатолог, терапевт, окулист секілді мамандардың қабылдауында болып, медициналық кеңес алды.

Емхана басшысы Динара Сәтжанқызының айтуынша, аталған іс-шараның мақсаты мүмкіндігі шектеулі балаларда кездесетін психо­эмоционалдық бұзылудың алдын алуды және фертильді жастағы әйелдердің ден­саулығын нығайтуды көздей­ді.
– Бүгін – біз үшін үлкен қуаныш. Балаларымыз осында келіп, мамандармен бірге тәжірибелік тапсырмаларды орындады. Өзіміз де мамандардың кеңесін алып, тексерілдік, – дейді мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-ана Гаухар Жұмашева.
Аталмыш шараға келгендер «Көтеріңкі көңіл күй» тақырыбында флешмоб көріп, балаларға арналған музыкалық мектептің оқу­шылары ұйым­дас­тырған концерттік бағдар­ламаны тамашалады.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button