Жаңалықтар

АПТА АНЫҒЫ

Қазақстан Статистика агенттiгiнiң бұрынғы төрайымы Анар Мешiмбаеваның қайда қашып, тығылғандығы анықталды.
ҚР Бас прокурорының орынбасары Иоган Меркельдiң мәлiметiнше, «2009 жылғы жалпы ұлттық халық санағы кезiнде ел қазынасынан жүздеген миллион қаражатты жымқырды» деп айыпталған Мешiмбаева Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiн бой тасалап келiптi.
Интерпол мәлiметтерiне сүйенсек, Араб Әмiрлiктерiнде қазақстандық соттан жасырынып жүргендердiң жалпы саны жетеу көрiнедi.
Мәжiлiстiң осы аптадағы жалпы отырысында халық қалаулылары «Қазақстан мен БАӘ арасындағы Қылмыскерлердi ұстап беру туралы келiсiмдi» құптады.Егер осы келiсiм ратификацияланса, құмды елде «қыдырыстап» жүрген қылмыскерлердi елiмiзге қайтаруға мүмкiндiк туады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button