Елорда тынысы

Ардагерлер сайлауға белсене қатысады

Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің кезекті пленумы өтті.

Жиынның күн тәртібіне «Алда өтетін Президент сайлауында ардагерлердің атқаратын міндеттері мен мақсаттарын айқындау», «Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыру жұмыстарына қатысты мәселелерді талқылау» және «Ардагерлер кеңесіне келіп түскен өтініш-ұсыныстарды қарау» сынды үш мәселе қойылып, маңызды түйіндер талқыланды.

Ардагерлердің 20 қарашада өтетін Президент сайлауына қатысуын жандандыру мақсатында өткен бұл шарада қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов «ҚР Президент сайлауы алдындағы ардагерлер қозғалысының қалалық активінің міндеттері туралы» деген тақырыпта баяндама жасады. Алдымен бұл реткі сайлаудың мән-маңызына тоқталған төраға елімізде 2019 жылдан бастап елімізде ауқымды саяси реформалар жүргізіліп, ел өмірінде елеулі өзгерістер болғанын айрықша атап өтті. «2019 жылдан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өтті. Осыған сайкес Ата Заңымызға үлкен өзгерістер жасалды. Енді, міне, кезектен тыс Президент сайлауын өткізгелі жатырмыз. Бұл да – еліміздің саяси ауқымындағы аса елеулі уақиға. Осы сайлау арқылы біз өз болашағымызға таңдау жасаймыз, сондықтан әрбір азамат бұл сайлауға бейжай қарамай, белсене дауыс беруі керек. Ел болашағына қатысты мұндай саяси науқанда арадагерлер де өз рөлін толық сәуелендіріп, сайлауда белсенділік танытуы керек» деді Сансызбай Есілов.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button