Жаңалықтар

Ардагерлерді ардақтады

Ардагерлердің ерлігі тек Жеңіс күнінде ғана емес, қашанда ұлықталып, ұрпақ жадында жаңғыра бермек. Дәл осындай ұстаныммен Оқушылар сарайында жас өнерпаздар арасында «Ардагерлерді ардақтайық» және «Үлкенге құрмет» атты сурет байқауы басталды.

Шараны Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өткізді. Байқауға 14-29 жас аралығындағы мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, шығармашылықтарын шыңдау­ға мүмкіндік алды.
Басқарманың жастар саясаты бөлімінің бас маманы Ақұлан Тас­темірдің айтуынша, бұл байқау – «Ардагерлерді ардақтайық» және «Үлкенге құрмет» жобасының кезекті шарасы. «Астана жастары» орталығының еріктілері ай сайын ардагерлердің үйіне барып тұрады. Олардың көңілін аулап, әңгімелеседі. Таза ауада серуендетіп, үй шаруасына қолғабыс көрсетеді. Майдангерлерге сый-құрмет көрсету жақсы дәстүрге айналды. Сондықтан бұл жоба өз жалғасын табатын болады» деді ол.
Ал байқауда салынған суреттердің барлығы балалардың атынан ардагерлерге естелікке беріледі. Шара соңында барлық қатысушыларға алғыс хат беріліп, ең үздік суреттердің авторлары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button