Ашық есік күндері жалғасуда

7 наурызға дейін Қазақстан өңірлерінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің қатысуымен Жастар денсаулық орталықтарында ашық есік күндері өтеді.
Орталықтарда 10 жастан 29 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастарға консультациялық, емдеу-диагностикалық, медициналық-психологиялық көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар өткізу жоспарланған.
Жүргізіліп жатқан жұмыс жастарды ақпараттандыруға және тәрбиелеуге, оларда қауіпсіз мінез-құлық пен қажетті өмірлік дағдыларды қалыптастыруға бағытталады.
Іс-шараны облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының Денсаулық сақтау басқармалары, сондай-ақ Жастар денсаулық орталықтары ұйымдастырады.
Астанада ниет білдірген азаматтар Аманат көшесі, 3 (5-қабат, 511-кабинет) мекенжайына баруына болады. Онда дерматолог, гинеколог, уролог, психолог, заңгер мамандары тегін кеңес береді.