Жаңалықтар

Астана әкімдігіне қарасты «Астана LRT» ЖШС компаниясы мен Еуропалық қайта құру және Даму банкі арасында қалалық автобустарды жеткізу мен тұрақ жүйелерін жетілдіруді қаржыландыру жөніндегі келісімдерге қол қойылды. «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен №71 мектеп- лицейде «Дарынды балаларға – талантты мұғалім» ІХ қалалық олимпиада өтті. Қалалық Мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлері Жеңістің 70 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйіне барып, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, шаруашылықтарына көмектесті. Елордада Жеңістің 70 жылдығы құрметіне 197 соғыс ардагері мен 425 тыл еңбеккеріне мерейтойлық төсбелгі тапсырылды. Сайлау күні елордада 189 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Бұған қоса, 65 учаске шетелдегі елшіліктер мен дипломатиялық миссияларда жасақталған. «Қазгидромет» мәліметі бойынша бүгін елордамызда күндіз +11 +13 градус жылы болады. Ертең ауа температурасы +8 + 10, көшпелі бұлт үйіріліп, аздаған жаңбыр жауады. Астана қаласы Ішкі істер департаментінің ювеналды полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесе қылмыстың алдын алуға, жасөспірімдер арасында қоқан-лоқы көрсетуге, суицид әрекеттеріне жол бермеуге бағытталған «Қол ұстасайық!» акциясын өткізді. Астана қаласында Автомобиль және мотоцикл спорты федерациясы «Форсаж» автошоуын ұйымдастырып, онда елордалық он көлік иесі өзінің керемет жүргізушілік шеберліктерімен тәнті етті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button