Жаңалықтар

АСТАНА ӘКІМІ ӘДІЛБЕК ЖАҚСЫБЕКОВ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРДЫ ТАБЫС ЕТТІ

3

Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Кеше Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков елорданың дамуына зор үлес қосқан тұлғаларға мемлекеттік наградалар табыс­тады.

– Сіздер түрлі салаларда қызмет етесіздер. Сіздердің қызметтеріңіз әрқашан да мемлекет пен қоғамның игілігіне бағытталды. Мемлекеттің негізі сіздер сияқты адамдардың арқасында қаланады. Әрқашан да осылай болған, болады. Еліміз бен халқымызға одан әрі құрметпен қызмет ететіндеріңізге сенімдімін, – деп жүрекжарды лебізін арнаған қала басшысы басқарма басшыларына, білім және денсаулық сақтау салаларының көрнекті қайраткерлеріне наградаларды өз қолымен тапсырды. Жалпы саны 50 адам мемлекеттік сыйлық иегері атанды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button