Жаңалықтар

Астана әкімі Тұңғыш Президент күні дүниеге сәби әкелген аналарды құттықтады

Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президент күні Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов №2 көпбейінді қалалық ауруханада жас аналар мен жаңа туған нәрестелерді құттықтады, деп  хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жас аналарға гүл шоқтары мен бесік арбалар және нәрестелерге арналған бұйымдар сыйға тартылды.

«Олар бүгін Тұңғыш Президент күні дүниеге келді. Осындай ерекше мерекеде жарық дүние есігін ашқан  сәбилердің барлығының  дені сау болып, Отанымыздың абыройын асқақтататын азамат боп өсе берсін», – деді қала басшысы.

Перинаталдық орталықтардан 1 желтоқсан күні сағат 12-ге дейін түскен мәліметтерге сәйкес елордада  –  10  ер бала, 16  қыз бала  дүниге келді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button