Жаңалықтар

Грант кәсіпкерлерге берілді

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлер арасындағы байқау мәресіне жетті.

Жаңа форматта өткен байқауда дауыс беру үрдісі толығымен автоматтандырылып, қатысушылардың ұпайларын комиссия мүшелері онлайн режимінде, гаджеттің көмегімен қойды. Жобаларды тыңдау мерзімі «Astana Hub» IT-стартап халықаралық орталығында онлайн-трансляция арқылы 5 күнге жалғасқан. Жобалар жаңа бизнес-идеялар, бәсекеге қабілеттілік және бизнеске дайындық критерийлері бойынша бағаланды. Білім, денсаулық сақтау, жеңіл өнеркәсібі салалары бойынша 280 кәсіпкерден өтініш түсіп, байқау қорытындысы бойынша «Рембыт Астана» ЖШС, «Q 18» ЖШС, «Momentum» ЖШС сияқты 24 кәсіпорын 70 миллион теңгенің грантын өзара бөлісті. Грант иегерлерін Астана қаласы Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Бекмұрзаев «Astana Hub» IT-стартап халықаралық орталығында өткен салтанатты шарада марапаттап, жеңімпаздарға арнайы сертификат табыстады. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін байқау енді келер жылдың бірінші жартыжылдығында ұйымдастырылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button