Басты ақпарат

Астана-Ташкент: сенімді серіктес

Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов Өзбек­станның Олий Мәжілісінің заң шығару палатасы спикері Нурдинжон Исмоиловпен кездесті.

Кездесуде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастық ныға­йып келе жатқандығы сөз болды. Кейінгі жылдары екі ел арасындағы сауда-экономикалық әріптестік жаңа деңгейге көтерілген. Айталық, соңғы 9 айдың ішінде екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 2 млрд долларға жеткен. Елорда басшысының айтуынша, өткен жылы Астана мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 288 млн АҚШ долларын құраған. Оның ішінде экспорт – 174 млн, импорт – 114 млн АҚШ долларын қамтыған. Астана қаласының әкімі екі ел үкіметінің көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға қатысты қабылданған құжаттар екі тараптың тауар айналымын одан әрі ұлғайта түсетініне сенім білдірді.
«Астана – әлемдегі ең әдемі қалалардың бірі. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
тәуекелшілдігінің арқасында осындай әсем қала салынды. Бұл шаһар ма­ған да ұнайды. Оған жел де, аяз да кедергі кел­­тір­мейді» деді Нурдинжон
Исмоилов. Сонымен қатар спикер Қа­зақстан Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласынан үлкен әсер алғандығын жеткізді. Ол сондай-ақ, өз сөзінде Өзбекстанның бас шаһары Ташкенттің Астананың ең бірінші серіктесі болғанын, осы жылы екі ел астанасының арасында сауда-экономика, ғылыми-техника және мәдени әріптестік туралы уағдаластыққа қол қойылғанына 20 жыл толғандығын атап өтті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button