Қала мен Сала

«Астана-Теплотранзит» қызметтері қолжетімді

Qala қалалық қызмет көрсету орталығында «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның жаңадан төрт қызметі қолжетімді болды. Енді сіз үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, ЭСҚ-ны пайдалана отырып, бұл қызметтерді iqala.kz порталынан ала аласыз.

IQala қалалық орталығының баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінде «Нұр-Сұлтан» тұрғындары мен заңды тұлғалары үшін «Астана-Теплотранзит» АҚ-тың тағы төрт қызметі қолжетімді болып отыр. Атап айтқанда, сыртқы жылу желілерін гидропневматикалық шаю және қысыммен тексеру бағдарламасын қарауға және бекітуге өтінім ұсына аласыз. Заңды тұлғалардың, сонымен қатар ыстық сумен қамту есептегіштерін тіркеп, олардың көрсеткіштерін бере алатын мүмкіндікке ие болды. Жалпы, бүгінгі таңда Орталық жеке және заңды тұлғаларға 141 қызмет түрін көрсетеді, оның 36-сы – «Астана-Теплотранзит» АҚ қызметтері.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button