Жаңалықтар

Астанада Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр

Астанада өңірлердің тауар өндірушілерінің қатысуымен өтетін дәстүрлі ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін Оңтүстік Қазақстан облысы бастады. Бүгін Астана әкімі Әсет Исекешев пен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов жаңа Оқушылар сарайының алдында ашылған шараға ат басын тіреді.

Әсет Исекешев

Жәрмеңкеде 50-ден астам ауыл шаруашылық тауар өндірушінің өнімі ұсынылады. Оңтүстік өңірден елордаға 354 тонна өнім әкелінді, соның ішінде, 69 тонна ет өнімі, 141 тонна көкөніс, 33 тонна жеміс, 17 тонна картоп, 7 тонна сүт өнімі, 5 тонна шұбат, 7 тонна балық, 25 мың жұмыртқа және т.б.

Сонымен қатар, әлеуметтік маңызды өнімдердің толық ассортименті ұсынылады. Барлық өнім базардағы бағадан 15-20% арзан сатылады. Жәрмеңке 2 және 3 шілдеде Оқушылар сарайының тұрақ аумағында (Б. Момышұлы даңғ., 5) өтеді.

Айта кетейік, кеше қала басшысы Ә. Исекешев әлеуметтік маңызды тауарларға баға қалыптастыру мәселесі бойынша кеңес өткізіп, азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуді тапсырды. Осы бағыттағы пәрменді шаралардың бірі Қазақстанның ауыл шаруашылық жәрмеңкелері болып табылады.

astana.gov.kz

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button