Жаңалықтар

Астанада қандай мамандықтар сұранысқа ие? Бас қалада қандай тегін курстар бар? Жұмысқа тұру үшін қай мекемеге хабарласу қажет?

kbb_7126

Кеше Жастар сарайында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде қала тұр­ғын­дарына бір мыңға жуық қызмет түрі ұсынылды.

Дәстүрлі шараға 60-тан аса жұмыс беруші қатысып, қала тұрғындары білім, денсаулық, өндіріс, құрылыс және қызмет көрсету саласындағы бос орындармен танысты.
– Бұл – жыл басынан бері өткізілген жұмыс жәрмеңкесінің оныншысы. Қорытынды мониторинг олардың көмегімен 300-ден көп адам тұрақты жұмысқа тұрғанын көрсетіп отыр. Қазан айында тағы екеуін ұйымдас­тыру жоспарда бар, – дейді Жұмыспен қамту орталығының баспасөз хатшысы Дидар Садықов.Бос орынның көбі құрылысшыларға, мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне, дәрігерлерге тиесілі.

Бос орынның көбі құрылысшыларға, мектепке дейінгі мекеме тәрбие­шілеріне, дәрігерлерге тиесілі. Мысалы, жаңадан ашылған өндіріс орны техникалық мамандарға сұраныс білдіріп отыр. «Бір сағат ішінде шамамен 30 адам келді. 15 шақты түйіндеме қызықтырып үлгерді. Басты талабымыз – жоғары білім. Ал технолог, инженер-құрылысшылардың өндіріс орнындағы еңбек өтіліне міндетті түрде қараймыз» дейді кадр бөлімінің қызметкері Раушан Сейтқалиева.

Елордалық балабақшалар да бұл шараға тұрақты келетіндердің бірі. Себебі қаламызда осы саладағы ма­мандардың жетіспеушілігі байқа­лады. Осыған орай, жәрмеңке аума­ғында «Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі» мамандығы бойынша кәсіби курстарға жазылу жүргізілді. Бұл бағдарлама тегін оқытылады әрі қатысушыларға 16759 теңге көле­­мінде шәкіртақы төленеді. Осы сұраққа қызығушылық танытқандар Астана қалалық Жұмыспен қамту орталығына жүгіне алады.

Айта кетейік, 1 қыркүйектегі жағ­дай бойынша Жұмыспен қамту ор­талығына биыл 9 125 адам келді. Олардың 81 пайызға жуығы әлеуметтік қолдау шараларына ілікті. 5 180 адам жұмысқа орналастырылып, 486 жас азамат «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жастар практикасына жіберілді. Ал әлеуметтік жұмыс орындарына 107 адам орналастырылса, қайта даяр­лау және біліктілікті арттыру курстарынан 623 астаналық өтті.

Мәдина Қайратқызы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button