Мәдениет

«ҚАЗАҚ ВАЛЬСІ» КОНЦЕРТІ

Бүгін, 29 қыркүйек күні сағат 19.00-де Конгресс-холда аса көрнекті композитор Латиф Хамидидің туғанына 110 жыл толуына арналған «Қазақ вальсі» атты концерт өтеді. Кешке ҚСРО халық әртісі, ҚР Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Бибігүл Төлегенова қатысады.

Астана қаласы мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі музыкамен сүйемелдейтін концертте аталмыш өнер ұжымының камералық хоры мен «Шалқыма» халық би ансамблі де өнер көрсетеді.

Латиф Хамиди – қазақ музыкасына мол олжа салған композитор. Ол қазақтың халық әндері мен күйлерін жинап, нотаға түсіруімен қатар талай тамаша туындылардың авторы атанды. Ахмет Жұбановпен бірге «Абай», «Төлеген Тоқтаров» операларын жазды. «Жамбыл» операсы да – Хамидидің туындысы. Ал композитордың «Қазақ вальсі» және «Бұлбұл» әндері – ән өнеріне қосылған шоқтығы биік туындылар. Бұл шығармалар Бибігүл Төлегенованың жұлдызы жануына септігін тигізді десек, артық айтқандай болмаспыз. Концертке келсеңіздер, аталған әндерді сүйікті әншіңіздің орындауында тыңдап, құлақ құрышыңызды қандырасыздар.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button