Жаңалықтар

АСТАНАДА «WORLD BEAUTY ASTANA – 2016» САЙЫСЫНЫҢ ФИНАЛЫ ӨТІП ЖАТЫР

Елордадағы Бейбітшілік жəне келісім сарайында «WORLD BEAUTY ASTANA-2016» атауымен əлемдік сəн жəне сұлулық фестивалінің гранд финалы өтіп жатыр. Сəн индустриясы үшін мəн-маңызы айрықша бұл жобаның əсем Астанада өтуіне қала əкімдігі қолдау білдіріп отыр. Бүгіннен бастау алған аталмыш шара 5 қарашаға дейін жалғаспақ.

suret
Оған əлемдік жəне отандық, сондай-ақ, көрші  Ресей елінен келген қазылар алқасы төрелік етуде.
Жыл сайын бұл фестиваль əлемнің түрлі елдерінде өтіп отырады екен. Мысалы, былтырғы жылы Вьетнам қаласында өткен болса, биыл сайыс ұйымдастырушыларының бірауыздан қолдауының нəтижесінде асқақ Астанада өтуіне мол мүмкіндік жасалды.
Эстетика мен жоғары талғам, сымбаттылық пен өнерпаздық өзара үйлесім тапқан шарада 120-дан астам қатысушы өзара бақ сынауда. Жас ерекшеліктері де əртүрлі, яғни 3-40 жас аралығында.
– Фестивальдің ашылу салтанатына бірқатар көрші елдерден жас өнерпаздар, халықаралық байқаулардың жүлдегерлері қатысуда. Байқау екі күн қатарынан өтеді деп жоспарлап отырмыз. Ал 5 қараша күні шын жүйрікті, нағыз жеңімпазды анықтай отырып, салтанатты шараның шымылдығын гала-концертпен түреміз, – дейді «World Beauty» компаниясының бас продюсері Вадим Хусаинов.
Ал бұған дейін сəн мен сұлулық додасының іріктеу кезеңдері бірнеше сатылардан өтті. Мəселен, шілде айында Қазақстанда өткен болса, Ресей елінде наурызда өтті. Осылайша, жүзден жүйрік атанған өнерпаздар бүгінгі ақтық сынға жолдама алып отырса керек-ті.
Айта кету керек, бұл байқау жас ерекшеліктеріне сай «Little», «Mini», «Teens», «Young» жəне «Miss» секілді номинацияларды қамтып отыр.

Əмір ДОСҚОЖА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button