SportЖаңалықтар

Астанада футбол матчына байланысты жолдар жабылады

2016 жылы 3 қараша күні сағат 22.00-де «Астана Арена» алаңында Астана (Қазақстан) мен  Олимпиакос (Грекия) арасындағы халықаралық футбол матчы  өтеді.

zhol

Осыған орай 3 қараша  сағат 20.00-де Қабанбай батыр және Тұран даңғылының Керей Жәнібек хандар көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейін жол қозғалысы тоқтатылады. Тыйым салу іс-шара аяқталғанға  дейін созылады. Орынбор көшесімен жол айналу қозғалысы ұсынылады.

Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметі жүргізушілерден жолда мұқият болуын және жұртшылықтың пайдасына жеке жол көліктерінен бас тартуды сұрайды. Астана қ. Халықаралық әуежайына жол жүруді жоспарлаған азаматтарға және жақын аудандардағы тұрғындарға алдын-ала баламалы жол қозғалысын жоспарлауды ұсынамыз.

Футбол матчы жанкүйерлеріне жиналу және жеткізу арнайы рейстармен бес пункттен келесі мекен-жай бойынша жүргізіледі:

  • «Қазақстан» СК көлік тұрағынан (Қажымұқан көшесі);
  • «Хазрет Сұлтан» мешітінен (Қошқарбаева даңғылы);
  • «Нұр Астана» мешітінен (шығыс жағының көлік тұрағы );
  • Қалалық цирк көлік тұрағынан (Қорғалжын шоссесі көлік тұрағы);
  • Мұңайтпасов атындағы алаң көлік тұрағынан (Кенесары көшесі).
Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button