Жаңалықтар

ТЕНТЕКТІ ТЕЗГЕ САЛАТЫН – ЕҢБЕК

Елімізде тағдырдың жазуымен өмірін абақтыда өткізіп жатқандар жетерлік. Ал оларды тәрбиелейтін – еңбек. Астананың «Конгресс-холл» сарайында өткен көрмеде түзеу мекемесінде жұмыс істейтін сотталған азаматтардың бұйымдары ел назарына ұсынылды.

????????????????????????????????????

Сотталғандарды жұмыспен қамту – күн тәртібіндегі мәселе. Олардың бостандыққа шыққан соң табыс көзін іздейтіні белгілі. Сондықтан оларды түзеу меке­месінде жүріп еңбекке баулу қоғам үшін пайдалы болмақ.
Астана қаласының ірге­сінде орналасқан түзеу мекеме­ле­рінде еңбекке жарамды азаматтарды жұмысқа орналас­тыру жақсы жолға қойылған. Мәселен, жыл басынан бері еңбек етуге қабілеті бар 847 адамның 599-ы жұмыс іс­тейді. Атап айтқанда, «Еңбек» кәсіп­орынында 382 адам жұмысқа тұрса, 50 азамат шаруа­шылық қызметпен айналысады.
– Елорда маңындағы ЕЦ-166/5 абақтысында отырған 308 адам еңбекке жарамды. Қазіргі уақытта олардың 65,9 пайызы еңбекпен қамтылған. Олар наубайханада, өндіріс орындарында жұмыс істейді. Олар бетон өндіріп, түрлі бұйымдар шығарады. Ал ЕЦ-166/10 абақтысында 266 адам жұмыс істейді. Сонымен бірге, мекемедегі 12 шағын және орта кәсіпорыны 87 сотталғанға жұмыс тауып беріп отыр, – дейді Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Астана қаласы бойынша департаментінің бас маманы Гүлмадина Аханова.
Тұрғындардың назарына ұсынылған көрме тауарлары көздің жауын алады. Темірден және ағаштан жасалған бұ­йым­дар, теріден тігілген сырт киім­дер, құрылысқа қажетті тауарлар сапалы екенін білдіріп тұр.
– Сотталғандарды жұмысқа тарту – Елбасы Жолдауында айтылған негізгі бағыттардың бірі. Бүгінгі шараның мақсаты да олардың еңбегіне қоғам назарын аударуды көздейді. Қазіргі уақытта сотталғандардың
71 пайызы өндіріс орындарында жұмыспен қамтылған, – дейді «Еңбек-Аршалы» филиалының директоры Қанатбек Тұрсынұлы.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button