Жаңалықтар

Астаналық полицейлер жол үстінде қабылдау өткізді

Астана қаласында «Жол үстіндегі қабылдау» акциясы болып өтті. Айтулы шараны «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы мен елордалық ІІД әкімшілік полиция басқармасы бірлесе ұйымдастырды. 

erm_5857-1

Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Бақытжан Малыбаевтың айтуынша, акцияның басты  мақсаты халыққа құқықтық білім беріп, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жасалып жатқан жұмыстар туралы көпшілікті ақпараттандыру, сондай-ақ тұрғындарды ұсақ  құқықбұзушылыққа «нөлдік төзімділікпен» қарауды қалыптастыру. «Полицейлердің жұмысы әрбір қоғам мүшесіне үлгі болуы тиіс. Сонымен қатар біздің тарапымыздан ұйымдастырылып жатқан іс-шаралардың барлығы барынша ашық форматта өткені дұрыс деп ойлаймын. Осы жолы азаматтардың ұсыныстары мен тілектері мен жол қауіпсіздігіне байланысты мәселелерді көзіммен көріп, білуге бел будым» дейді Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Бақытжан Малыбаев.

????????????????????????????????????

Кең ауқымды шара «Бәйтерек» монументінің көлік тұрағы алаңы, Темір жол вокзалының аумағы, «Артем» сауда үйі және Халыққа қызмет көрсету орталығы сондай-ақ, «Рубеж» посты секілді бірнеше аумақты қамтыды. Қабылдау барысында «Нұр Отан» партиясының өкілдері мен жол-патрульдік полиция қызметкерлері конституциялық құқықтық  заңдылықты сақтау бойынша  азаматтармен сауалнама  жүргізді. Сонымен қатар сауалнамаға қатысқан әрбір азамат полиция қызметінің сапасын арттыруға қатысты өздерінің ұсыныстары мен тілектерін білдіріп, кешкі және таңертеңгі уақыттарда туындайтын кептелістермен күрес, қаладағы көлік ағынын азайту және  жаңадан пайдалануға берілген аудандарда қосымша бағдаршамдар мен жаяу жүргінші өткелдерін орнату, сондай-ақ жол қауіпсіздігі секілді мәселелер көтерді.

img_1960

Жалпы, елордада өткен «Жолда қабылдау» акциясына  600-ге жуық адам қатысты.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button