Елорда тынысы

Асық атқан озады

Бас қалада мектептер арасында асық ату мен бес асық ұлттық ойындарынан жарыс өтті. Оған Қазақстанның асық ату федерациясының президенті, еңбек сіңірген жаттықтырушы Жомарт Сабыржанов, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев қатысты.

Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбие­сі орталығы ұйым­дастырған сайыста жалпы білім беретін мектептердің 477 оқушысы жарысты. Қазіргі кезде ұлттық ойынның бұл түрімен 2000-ға тарта оқушы айналысады.

«Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының директоры Нұрлан Тәженовтің айтуынша, асық ату мен бес асықтан ұлттық мектеп лигасының жеңімпаздары анықталды. Оған 5-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі оқушылар қатыс­ты. Жарыс 30 қаңтарда басталып, 11 ақпанда аяқталды. Жеңімпаздар сәуір мен маусым айында еліміздің әр қаласында өтетін ақтық жарыстарға жолдама алды. Екі ойынды дамытуға әрі дәріптеуге Қазақстанның асық ату федерациясы қолдау көрсетіп жатыр. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне медаль, диплом, кубоктар тапсырылды.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button