Жаңалықтар

АУДАН ЖҰМЫСТАРЫ АУҚЫМДЫ

Қалалық мәслихаттың Бюджет, экономика, кәсіпкерлік және өнеркәсіп мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының кезекті отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекшісі Әліби Жұмаев 2017-2019 жылдарға арналған Астана қаласының бюджетіне талдау жасады.

20160913205935

Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды орны бар Алматы, Есіл, Сарыарқа аудандарының, Қаржы басқармасы, Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасының алдағы үш жылға арналған бюджет жобалары талқыланды.

Межеленген жоба бойынша үш ауданның қызметі ағымдағы бірнеше бағдарлама бойынша жүзеге асырылады. Онда қала көшелерін жарықтандырудан бастап, қала тазалығын қамтамасыз ету, абаттандыру мен көгалдандыру, су тасқынына қарсы шаралар, қаладағы бақтар мен гүлзарлардың күтімі, көпірлер мен жолайырықтарының пайдалану шығындары, профилактикалық дезинсекция және дератизация, сонымен қатар экологиялық шараларды жүргізуге қатысты қаражат қарастырылған. Есіл өзені мен Ақбұлақ жағалауларының жайы мен елордасындағы ескерткіштер мен мүсіндердің күтімі, одан бөлек, айтулы мерекелер қарсаңындағы безендіру шараларының да қаражаты қарастырылып отыр.

Алматы ауданы бойынша аталған жұмыстарға 11 980,8 млн теңге қарастырылған. Ал Сарыарқа ауданы бұл мақсатқа – 7 637,9 млн теңге, Есіл ауданы 16 257,5 млн теңге жұмсауды көздеп отыр.

Үш аудан аумағындағы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласына да ауқымды қаражат қарастырылған. Яғни, Есіл ауданы бойынша – 799,7 млн теңге, Алматы ауданы – 4 323,3 млн теңге, Сарыарқа ауданы 4 081,3 млн теңгені құрайды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру үшін де ауданның үш жылдық кезеңге бөлінген шығыстары бюджетте белгіленіп, бұл көрсеткіш Алматы ауданы – 9 077,8 млн теңге, Сарыарқа ауданы – 5 926,3 млн теңге Есіл ауданы бойынша 6 174,6 млн теңгені құрады.

Бюджет операторларының есебінен кейін депутаттар алдағы уақытта ескерілуі тиіс бірнеше мәселелерді алға тартты. Атап айтқанда, Тельман, Көктал-1, Көктал-2, Өндіріс секілді қала маңындағы елді мекендердің көшелерін жарықтандыру, спорт және балалар алаңдарын салу, сол елді мекендердің үстінен өтетін өзен жағалауларын абаттандыру сияқты тұрғындардың демалыс орындарына қатысты шараларды ұйымдастыру үшін қаражат қала бюджетінде қарастырылуы керектігін айтты. Қала шекарасына кіретін, іргелес жатқан елді мекендердің өркендеуі бас шаһардың дамуымен қатар болуы керек деген ұсыныс айтқан тұрақты комиссия мүшелері бюджет жобасын мақұлдады.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button