Жаңалықтар

ӘУЕЖАЙДА АРДАГЕРЛЕРДІ ӘСПЕТТЕЙДІ

IMG_3261

Бұрнағы күні Ұлы Жеңіс мерекесіне орай Халықаралық Астана әуежайында сұрапыл соғысты көзімен көрген ардагерлерге арналған тағылымды шара өтті. Оған тек майдангерлер ғана емес, авиация мен тыл еңбеккерлері және ауған  жауынгерлері де қатысты.

Алдымен жиналған қауым соғыс даласында оққа ұшып қаза болған және елге оралып, бейбіт өмірге араласып, осы торқалы тойға жете алмаған майдангерлерді де бір минут үнсіздікпен еске алды. Содан соң ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін Астана халықаралық әуежайы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Рәділбек Әдимолда құттықтап, ізгі лебізін білдірді.
– Біздің ұрпақ үшін айтулы мерекенің алар орны ерек. Бұл – елдік пен ерліктің тоғысқан жері. Сіздердің барлықтарыңыз да батырсыздар. Осы бейбіт күн үшін жауға кеуделеріңізді төсеп, келешек ұрпаққа бақытты шақ сыйладыңыздар. Ел басына ауыр күн туған сол кезең ешқашан ұмытылмайды. Сондықтан аталар салған даңқты жол мәңгі жасайды, – деді ол.
Содан кейін сыйлы қонақтарға дастарқан жайылып, оларға әуежай қызметкерлері мен №24 орта мектептің оқушылары майдан әндерін шырқап, қариялардың көңілін көркем күйге бөледі. Шара соңында барлық ардагерлерге сыйлық табыс етілді.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button