Басты ақпарат

Аула клубы ашылды

Елордалық «Пригородный» тұрғын алабында ардагерлерге арналған орталықпен біріктірілген InterPro жаңа аула клубы ашылды.

[smartslider3 slider=1595]

Аула клубының ашылуына Есіл ауданының әкімі Берік Жакенов, Нұр-Сұлтан қаласының Жастар сая­саты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров, қалалық мәслихаттың депутаты Ғабит Тәжімұратов қатысты.

– Аула клубтары өскелең ұрпақ үшін тартымды орталық болып табылады. Мұнда балалардың ағылшын тілі, хореография, шахмат курстары жұмыс істейді. Балалар бүгінгі таңда біздің клубтарда жұмыс істей отырып, жетістікке жетіп, өз қабілеттерін ашады. Аула клубының ашылуына бастамашы болған Тұрар Жұбанышқызына жеке алғысымды білдіргім келеді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және кәсіби өсу тілеймін!, – деді Берік Жакенов.

– Бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында тағы бір аула клубын ашып отырмыз. Аула клубтарының ерекшелігі – олар балалар мен жастарға ғана емес, қарт адамдарға да арналған. Біз халқымыздың барлық топтарына назар аударуымыз керек. Осылайша біз жастарды аға буынмен біріктіреміз, – деп атап өтті Қайрат Қамбаров.

Aspan дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің бірінші қабатында балаларға ағылшын тілін, хореографияны, шахматты тегін үйретеді. Аға буын үшін тегін Цигун сабақтары бар.

Есіл ауданында бүгінгі таңда 4 аула клубы, 20 ардагерлер орталығы  жұмыс істеуде. Мұнда тек балаларға емес, егде жастағы адамдар үшін де қолайлы жағдай қарастырылған. Мәселен, үлкендерге арналған ақысыз цигонг (қарттардың денсаулығын нығайтуға арналған спорт түрі) сабақтары бар.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button