Елорда тынысы

Аулалар абаттандырылды

Елордада аулаларды абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.

[smartslider3 slider=3282]

 

Бас қалада тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмысы белсенді жүргізіліп келеді. Себебі бұл Мемлекет басшысының тікелей бақылауында.

– Біз аула аумақтары мен қоғамдық кеңістіктерді ауқымды абаттандыру жұмыстарын жалғастырамыз. Мұның бәрі елорда тұрғындары мен қонақтарында уақытты тиімді өткізу үшін ғана емес, белсенді спорт түрлерімен айналысу үшін де көбірек орын болуы үшін жасалуда, – деді әкім.

Бас қаладағы абаттандыру жұмыстары елорданың барлық аудандарында, соның ішінде тұрғын үй алаптарында жүргізілуде. Әсіресе, қала тұрғындарының өтініш-тілектері ескеріліп, алдымен елордалықтардың талаптары орындалды.

«Жоспарға қала тұрғындары жүгінген, аулалары ескірген, бұрыннан бос жатқан жерлер мен батпақты жерлер және т.б. учаскелер енгізіледі. Қаланы аралау барысында Сейфуллин көшесі 9, 9/1, Бөгенбай батыр, 35, Абай, 63, Тархан, 9, Пушкин көшесі 1, 3/1, Кравцов, Целинный шағын ауданы және т.б. бірқатар аулаларды абаттандыру туралы аудан тұрғындарының тілегі ескерілді» деді А.Көлгінов.

Абаттандырылған аулаларда жаңа ойын және спорт тренажерлары орнатылып, алаңдарға резеңке төсеніштер төселді. Балалар ойнайтын аулалар шарбақтармен қоршалып, түрлі-түсті бояулармен әрлендірілді. Аулаларда ағаш егіліп, көгалдандыру шаралары жүзеге асырылды.

Қала басшысы ағымдағы жылы абаттандыры

лған аула аумақтары мен қоғамдық кеңістіктердің (саябақтар, скверлер, бульварлар) саны 700-ге жететінін айтты. Сондай-ақ қолданыстағы аулалар да назардан тыс қалмайды. Бұл ретте әр тұрғын өзі тұратын ауланың тазалығы мен мүлкіне мұқият болуы керектігі ескертілді.

«Тұрғындарды өз мүлкіне ұқыпты қарауға шақырамын, себебі аулаларды бірінші кезекте сіздер үшін жасаймыз» деді қала басшысы.

Гүлбаршын Өкешқызы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button