#Жаңа Қазақстан

Ауылға ерекше назар аудару керек

«Ауыл» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Болатбек Қыстауов, София Әбдіразақова, Ілияс Досқожаев, Нұркен Қаржаубаев және түрлі деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға кандидаттар Қызылорда облысының сайлаушыларымен кездесті.

«Ауыл» партиясы мен «Мансап» жекеменшік мектебі Қызылорда қаласында ауыл ұстаздарын қолдау мақсатында шара ұйымдастырды. «Білімді ұрпақ ауылдан» деп аталған осы жиынға «Ауыл» партиясынан Мәжіліс депутаттығына және түрлі деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға кандидаттар қатысты. Жиында жас педагогтарды ауыл мектептеріне жұмысқа тарту, ауыл мектептерінің ақпаратқа қолжетімділігін арттыру мәселесі талқыланды.

– Бүгінгі ауыл мен қала арасында бірден көзге ұратын айтарлықтай әлеуметтік алшақтық бар. Қала мұғалімдерінде білімін дамыта алатын мүмкіндік мол. Ауыл және қала жастарына берілетін мүмкіндіктер арасы да жер мен көктей. Жастар болашағын өз ауылымен байланыстыру үшін алдымен тұрақты жұмыс, лайықты еңбекақы, өмір сүруге қолайлы инфрақұрылым, жол, су, газ проблемасы шешілу керек. «Ауыл» партиясының көздегені – ауылға ерекше назар аудару. Ауыл мен қала арасындағы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларының қызметтері сапасындағы айырмашылықты айтарлықтай қысқарту. «Дипломмен – ауылға!», «Ауылға кел, жас маман!» бағдарламасын қайта қарау және оған заман талабына, жастар мүддесіне сай түзетулер мен толықтырулар енгізу. Ауылдарда жастарға арналған шаралар өткізетін, ұйымдастыратын орталықтар мен мәдениет үйлерін, спорт секцияларын ашуға бастамашы болу. Біздің партия Мәжіліске осы аталған мәселелердің түйінін тарқатып, жүзеге асыру үшін барады. Сіздер қолдап біз Мәжіліске барып жатсақ, тізе қоссақ алынбайтын асу болмайды. Сайлауда бізді, «Ауыл» партиясын қолдаңыздар, – деді мектеп құрылтайшысы, «Ауыл» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат София Әбдіразақова.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button