Экономика

Байыпты жобалар бағаланады

Астана қаласында шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсiпорындар көп. Ал солардың бәрi  «Бизнестiң жол картасы-2020»  бағдарлама аясында қолдаудың кез келген түрiне ие бола ала ма?
Бизнес өкiлдерiне бағыт бере­тiн байыпты бағдарлама кәсiп­кер­лiкке барынша қолдау көр­сетуде. Кәсiпкерлiк және өнер­кәсiп басқармасының маманы Жанар Бескемпiрованың ай­туын­ша, бағдарламаның талаптарына сай келетiн кәсiпорындар қолдау­дың барлық түрiн бiр уақытта ала алады. Бағдарламаның шарттары бойынша ешқандай шектеу жоқ.
«Шикiзаттық емес сектордағы кәсiпорында, мысалы, тамақ не­месе химия өнеркәсiбiнде iске асы­ратын  жаңа жоба бар делiк. Олар  жобаны жүзеге асыруды екiншi деңгейлi банктерден  несие алу құжаттарын ресiмдеуден бас­тайды. Егер де жоба бағдарла­ма­ның шарттары мен банк талапта­рына сай келетiн болса, аймақтық үйлестiру кеңесiне шығарылады. Қолдау тапқан жағдайда әрi қарай iске асыру жұмыстары жалғасты­рылады. Осы кәсiпорынның бас­қа аймақта жұмыс iстеп тұрған өн­дiрiсi де болуы мүмкiн.  Бағдар­лама шеңберiнде 2010 жылдың басында алынған бұрынғы кре­дитi болса да, субсидиялауға мүм­кiндiк бар. Бұдан басқа кәсiп­кер­дiң банктен несие алар алдында өз үлесiн қосу үшiн жетпей жатқан қаражаты болса, оған мемлекет тарапынан елу пайызға дейiн ке­пiлдiк алуға болады» дейдi Ж.Бес­кемпiрова.
Сондай-ақ, бағдарламада кә­сiп­орынның қажеттi өндiрiстiк инфрақұрылымдарын (су, жылу құбырлары, жол, т.б.) қалыптас­тыру мүмкiндiгi де қарасты­рыл­ған екен.
Астана қаласы әкiмдiгi осы уа­қытқа дейiн барлығы 44 жобаны мақұлдаған. Оның iшiнде суб­си­диялау бойынша  4 418,9 млн тең­генi құрайтын 36 жоба қаржы­лан­дырып, 848,9 млн теңгелiк 8 жоба­ның өндiрiстiк инфрақұрылымын жетiлдiру көзделген. Атап айтсақ, iрiмшiк, азық-түлiк өндiретiн – «Мир круп» ЖШС,  химиялық өнiм­дер шығаратын – «Эрна-НТ» ЖШС,  құрылыс үшiн бетоннан, цементтен және гипстен бұйым­дар өндiретiн – «Жаңа жол» ЖШС және медицина, бiлiм беру, полиграфия,  көлiк қызмет­терiн көрсететiн,  қонақүй бизне­сiн ұйымдастыратын саладағы жобалар iске асырылуда.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button