Sport

БӘРЕКЕЛДІ, БРЭНДОН БОЧЕНСКИ!

боченнн

Континенталдық хоккей лигасында өнер көрсететін астаналық «Барыс» биылғы чемпионаттағы бесінші жеңісіне қол жеткізді.

Новокузнецк қаласының «Металлург» командасымен болған өте тартысты ойынның тағдыры тек овер-таймда  шешілді.  Екі жақтың хоккейшілері қанша тырысқанмен  ойынның негізгі уақытында есеп ашылмады. Ал қосымша бес минуттық овер-таймда алаң иелерінің жолы болды. Атап айтқанда, команданың капитаны әрі үздік шабуылшысы Брэндон Боченски  63-інші минутта қара шайбаны қонақтар қақпасында тулатты. Сөйтіп, астаналықтар кезекті жеңісіне қол жеткізді.

«Барыс» келесі ойынын бүгін өткізеді. Қарсыласы  «Локомотив» (Ярославль).  Матч «Қазақстан» спорт сарайында сағат 19.00-де басталады.

Дайындаған:
Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button