Жаңалықтар

БАСШЫЛАРДЫҢ ТӘРТІБІ ТАРАЗЫЛАНДЫ

IMG_4919

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінде тәртіптік кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында жаңа заң бойынша енгізілген өзгертулер туралы және тәртіптік кеңес жұмысының регламенті талқыланды.

Жиынды ашқан Тәртіптік кеңес төрағасы Тілеген Қаскин ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұзған лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік істер қаралатынын айтты. Атап айтқанда, Астана қаласы бойынша экология департаментінің басшысы, Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасарлары, Орталық кеден зертханасының бөлім басшысы, Астана қаласы Сот актілерін орындау департаментінің басшысы және мекеменің сот орындаушыларына қатысты тәртіптік істер қаралды.

Отырыстың қорытындысы бойынша нақты шешімдер қабылданып, мемлекеттік орган басшыларына тиісті ұсыныстар енгізілді.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button