ЖаңалықтарМәслихат

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ТЕГІН ТАМАҚТАНАДЫ

1656dd906e3b2151db94258157d

Қалалық мәслихаттың елу алтыншы, кезектен тыс сессиясында елорданың 2015-2017 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізілді.

Осыған орай, сөз алған Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жанат Нұрпейісов қала бюджеті айтарлықтай толыға түскенін, жалпы елорда бюджетін толықтыруға соңғы кездері шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің көп үлес қосқанын атап өтті. Бұл ретте  баяндамашы бюджетке түскен қосымша қаражаттың басым бөлігін білім, денсаулық сақтау саласындағы кейбір мәселелерді шешуге, атап айтсақ, құрылысы аяқталмаған мектептер мен балабақшаларды салып бітіруге, қала көшелері мен жолдарды жөндеуге бағыттау жөнінде ұсыныс білдірді. Халық қалаулылары бюджетке енгізілген өзгерістерді бірауыздан қолдады. Соның негізінде алдағы уақытта егде адамдар күніне орай, қала қарттарына бес мың теңгеден бірретік жәрдемақы төленіп, Астананың барлық мектептеріндегі 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етілетін болады.

Сессия барысында бас қаланың дамуына елеулі үлес қосқаны үшін «Стройконструкция» АҚ президенті Виктор Дмитриевич Буллерге «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Сондай-ақ, мәслихат депутаттары Ф.Ким және В.Петрущак Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған мерекелік медальдармен марапатталды.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button