Руханият

Бауырлас елдің бейнелеу әлемі

Астанадағы Ұлттық музейде Өзбекстан Республикасы елшілігінің ұйытқы болуымен «Өзбекстанның заманауи кескіндемесі» атты көрме ашылды.

Бұл көрмеге ағайын елдің айтулы қылқалам шеберлері – Файзулла Ахмадалиев, Хуршид Зияханов, Нодир Шоабдурахимов, Алишер Аликулов, Валерия Енина, Виктория Трошина, Дилором Мамедова, Бахтиёр Обидов, Абдухаким Каримов, Дилмурод Юлдашев, Умар Ражабов пен бірқатар жас суретшінің 38 туындысы қойылды.
Көрменің ашылуында Ұлттық музей директорының міндетін атқарушы Алмаз Нұразхан сөз алып, шараның маңызына қысқаша тоқталып өтті.


Көрмеге қойылған туындылар шынайы табиғилығымен көз тартады. Әрбір суретші өз жұмысында туған елінің тарихы мен табиғатын көркем шеберлікпен жеткізе білген. Өз басым Өзбекстанды көзіммен көрмесем де, картинадағы бейнелерден сол елге барғандай әсерде болдым. Дәстүрге берік бауырлардың салт-дәстүрі де тамаша көрініс тапқан.
Айтқандай, осы шара аясында «Заманауи Өзбекстан» аталған фотокөрме жұртшылыққа ұсынылды. Бұған А.Жұмаев, В.Гончаренко, Х.Шорахмедов, В.Шлосберг, В.Вяткин, В.Соколов секілді шеберлердің 100 фотосуреті қойылған. Бұл суреттерден тәуелсіздік алғаннан бергі өзбек елінің тыныс-тіршілігімен жақынырақ таныса түсесіз.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button